«Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автомобиль жол-жөндеу жұмыстары басталды
Бүгінгі таңда, қолайлы ауа-райының тұрақтануына байланысты, мердігер «Айя-Сервис» ЖШС-гі тарапынан Байзақ ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық» автомобиль жолының 7-20 шақырымдарын орта жөндеу нысанында жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы жол-жөндеу жұмыстары басталды.
Жұмыстарды мерзімінен бұрын мамыр айында толық аяқтап, нысанды пайдалануға беру көзделіп отыр.
Одан бөлек, осы жобаның жалғасы ретінде, ағымдағы жылы, аталған автожолдың 20-40 шақырымдарын орта жөндеуге қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурстары рәсімдері аяқталу сатысында. Мердігер анықталып, тиісті келісім-шарт жасасқаннан кейін, өнідістік-жұмыстарды жүргізу кестесін бекіте отырып, мамыр айында бұл жол учаскесінде де жол-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.