Қарағандыда су басқан көшелер құрғатылды

Қарағандыда Тәттімбет көшесінде аулаларға су ағыны тоқтатылды. Қорғағыш біліктер нығайтылды, аулаларда коммуналдық қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр. Ертең тазалау жұмыстары жүргізіледі. Тұрақты бригада және екі жүк тиегіш кезекшілік етуде. Инертті материал дайындалды.

Университет көшесіндегі жағдайға тоқталар болсақ. Үйдің периметрі бойынша олар қаптар төселіп, таужыныстар себілді. 78/15 үйдің шетіне жасанды бөгет салынды. Үш жертөленің екеуі құрғатылды, соңғысында еріген қар суы сорғылатылып жатыр. Аулалар құрғатылды.

Майқұдықта су бірнеше көшеде көтеріліп, Күзембаев, Петрозаводская, Роза Люксембург, Манежная және Өркен көшелерінен хабарламалар келіп түсті. Олардың барлығы бойынша шаралар қолданып, су сорылды.

– Өркен көшесі, 13 үй ауласының аумағын су басты. Тұрғындарға уақытша басқа жерді паналай тұру ұсынылды. Алайда олар бұл ұсыныстан бас тартты. Бүгінгі күні еріген қар суын сору жұмыстары толығымен аяқталды. Біздің аудан бойынша 34 аула аумағын су басты. Бүгінде олардың барлығы локализацияланған. Бақылауда Жұмысшы кенті қалып отыр, сондай-ақ бес жертөле, оның ішінде 17 шағын аудандағы № 57 үй бар, – деп хабарлады Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімі Саят Шаймин.

Еріген су Федоровка ауданындағы саяжайларға да жетті. «Наука» саяжай қоғамының жанындағы көпір екі жағынан қаптармен және инертті материалмен қорғалды. Құтқарушылар суды сорып жатыр. 15 жұмысшы жұмылдырылды.

Үйлерді су басқан жағдайда жергілікті атқарушы органдар уақытша баспана қамтамасыз етеді және суды соруға және су басудың алдын алуға көмектеседі. Көптеген тұрғындар көмек көрсетуден бас тартып, туыстарына өз бетінше қоныстанды.

Қарағанды облысы бойынша 6 сәуірде аула аумақтарын су басу қаупінің 11 жағдайы бақылауда қалып отыр (Қарағанды – 5, Бұқар Жырау ауданы – 2, Қарқаралы – 1, Теміртау – 1, Шет ауданы – 2).