Бәрекелді, құтты болсын! Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалды.
Нұржігітов Нұрлан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары.
1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданы әкімі қызметін атқарды.
2021 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып келді.
Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды. Жасыратыны жоқ, кейінгі кезде Жамбыл облысы әлеуметтік желі «батырларының» талқылауларына біраз арқау болды. Әлеуметтік желі «демократияны» негізге алып, кадр мәселесіне бұлай алаңдауы – бірде «қуантады», бірде көңілге қаяу түсіреді. Мінекей, Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалыпты. Өмірбаянына қарап отырсақ, сол елдің перзенті, мемлекеттік саланың барлық саласынан өткен майталман маман екен.
Нұржан Молдиярұлы әкім болды дегенде, біздің ұжымның қуанышында шек болмады. Себебі біз Ауыршаруашылық министрлігімен күні бүгінге дейін қоян қолтық жұмыс істеп, экспедицияға бірлесіп шығып, облыстың барлық аудандарын аралап, жетістіктерін, проблемаларын анық көрсетіп отырғанымыз оқырмандарға, көпшілікке белгілі. Он жылдан астам уақыт Нұржан Молдиярұлы осы экспедицияға ерекше жанашырлық танытып, Жамбыл облысымен жақсы қарым-қатынас орнауына мұрындық болды. Қызметтің қай саласында жүрсе де, әсіресе Байзақ ауданында, қандай ақпаратқа да барынша ашық болғаны, құшақ жая қарсы алып, жетістіктерімен бөлісіп жүргені қуантады. Қазақстан аграрлы мемлекет.
Нұржан Молдиярұлы ауылшаруашылығы саласының жетік те білгір маманы. Президентіміз халықпен бірге біте қайнаса жұмыс істеңдер деп қадап айтты. Яғни осындай сан салалы экономикамыздың қандай саласын дамыту халықтың күш-қуатымен жүзеге асады. Қалың кезеңде елді ұйымдастыра білетін осындай Нұржан Молдиярұлы сияқты азаматтар ауадан қажет. Сонда ғана өңір өркендейді, сонда ғана қалың бұқараның әлеуметтік жағдайы жақсарады. Өзінің салмақты мінезімен, іскерлігімен, тәжірибелілігімен, идеяларымен, терең пайымымен, баурап алады. Нұржан Молдиярұлының ісіне сәттілік тілейміз. Ақ жол, Нұржан Молдиярұлы!
«Qazaqstan dauiri» газеті, «Мөлдір бұлақ» журналы
мен «ЕлАна» сайты ұжымы