№7 қалалық емханасында «Буккроссинг» бұрышы ашылды
Бұл — кітапқа жаны құмар жандар үшін қажет дүние. Букроссинг жобасы — оқырманды көбейтіп, таным көкжиегін кеңейтуге, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыруға бағытталған. Әсіресе, мұндай іс-шара өскелең ұрпақты тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Кітап оқу, кітаппен дос болу рухани кемелдікке ұмтылудың алғашқы қадамы. Кітап – ол мәңгілік қалатын дүние. Ұрпақтан-ұрпаққа, ғасырдан-ғасырға жалғасады.
Емханадағы кітап сөресі келушілердің әдебиет оқуға ғана баулымай, адам бойындағы жауапкершілік, адалдық, тазалық сынды қасиеттерді де қалыптастыра түсері сөзсіз. Кез-келген қала тұрғыны сөредегі қызықтырған әдебиетті оқуға алып, қайта орнына әкелсе болды. Сондай-ақ, үйіндегі оқылған әдебиеттерін буккроссинг бұрышына сыйға да қалдыра алады.
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз қызметі