Талас ауданындағы көктемгі дала жұмыстары

 Талас ауданында көктемгі егіс-дала жұмыстарына 317 дана трактордың 149 данасы қатысады. Сонымен қатар, 21 дән сепкіш, 69 соқа, 12 мала, 14 қопсытқыш, 75 тырма пайдаланылады.
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 14095 гектарға орналастырылып, өткен жылмен салыстырғанда 330 гектарға ұлғаяды. Қазіргі таңда жыртылуы тиіс 4630 гектардың 1250 гектарында айдау жұмыстары басталды. Сондай-ақ, 900 гектар алқапқа көп жылдық шөп, 10 гектарға бақша, 25 гектар көкөніс, 10 гектар алқапқа жаздық арпа және 5 гектарға картоп себілді.
Көктемгі дала жұмыстарына қажетті 597,7 тонна тұқым толығымен дайындалып, егіліп жатыр.
 Аймақта барлығы 768 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Көктемгі жұмыстарға 340 техника қатысуда. Биылғы ақпан-мамыр айларына бұл шаруаға 260 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне Үкіметтен бөлінетін кепілдендірілген дизель отынын сатып алуды, жеткізіп беруді және таратуды ұйымдастыру үшін төменгі аймақтарға операторларлыққа «Таң» және Қаратау аймағына «АТФ Энерджи» ЖШС-і, тарату бағасы 194 теңгеден бекітілді.
Ақпан-наурыз айына бөлінген 130 тонна кепілдендірілген дизельге таратушы операторлар тарапынан толық қаржы аударылды, бүгінгі таңда шаруашылықтарға тарату жұмыстары жалғасуда».
 Өңірде 2022 жылы жалпы 305 тонна тыңайтқыш алу жоспарланған. Бүгінгі күнге 158 тоннаға өтініш беріліп, 65 тоннасы шаруаларға жөнелтілген.
 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі