Жамбылдық полицейлер 8 қару, граната және 400-ге жуық патрон тапты

Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Жамбыл облысының аумағында 8 қару, , гранаталар, түтінді  жарғыштар және 397 түрлі калибрлі патрондар табылып, тәркіленді. Олардың ішінде автомат, 6 тапанша, 1 тегіс ұңғылы шолақ мылтық бар.

 

Мысалы, 2022 жылдың 29 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен  үйінде сақталған атыс қаруын өз еркімен берген Тараз қаласының 40 жастағы тұрғыны анықталды. Қару-жарақтың ішінде 4 «Макаров» тапаншасы, MТ-ның  9 оқ жатары, 7,62  калибрлі 120 патрон және 12 калибрлі 11 патрон болды. Ер адам келу міндеттемесімен  жіберілді.

Барлық қаруларға сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның,  егер оның басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады.

Анонимділікке кепілдік беріледі.