Қарқаралы ауданында жаңа әкім

Қарқаралы ауданының әкімі болып бұған дейінҚарағанды облысының ішкі саясат басқармасынбасқарған Ерлан Құсайын тағайындалды. Жаңабасшыны аудан мәслихатының кезектен тыссессиясында өңір әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Қарқаралы ауданының әкімі лауазымына ЕрланҚұсайынның кандидатурасын келісуге ұсынаотырып, сіздердің қолдауларыңызға сенемін, – депатап өтті Жеңіс Қасымбек. – Жинақтаған тәжірибесімен білімінің арқасында ол жұмысты МемлекетБасшысы қойған міндеттерге сәйкес ұйымдастыраалады деп ойлаймын.

Ерлан Құсайынның үш жоғары білімі бар, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруакадемиясының магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданындаҚазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болыпбастаған. Білім ордасында мектеп директорына дейін  көтерілген.

2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Бірнеше жыл облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіпбасқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қарағандыоблысы әкімінің баспасөз қызметінде еңбек етті. Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдың маусымында облыс әкіміаппаратының Қазақстан халқы АссамблеясыныңХатшылығын басқарды. Кейін «Қоғамдық келісім» КММ директоры болып тағайындалды.

2020 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейінҚарағанды облысының ішкі саясат басқармасынбасқарды.

 

 

Сіздердің маған сенім білдіргендеріңіз үшіналғысым зор. Қарқаралыменің кіші Отаным, осында дүниеге келдім. Қасиетті жерде жұмыс істеумен үшін үлкен жауапкершілік, – деп атап өтті ЕрланҚұсайын.

Бұған дейін Қарқаралы ауданы әкімінің міндетінЕлдар Дүйсетаев атқарған болатын. Ол жаңажұмысқа ауысуына байланысты қызметіненбосатылды.

Елдар Дүйсетаев әріптестеріне жұмыстакөрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғыс айтып, бүгінде ауданда білікті мамандар жұмыс істепжатқанын атап өтті.

                                                                                                       Жомарт Шаймұрат