«ҚҰШАҚТАСАЙЫҚШЫ!»

Бір түрлі естілді ма?
Қазір көбіміз үйде отырғандықтан бұл жолғы жазбаны, әсіресе, құлай сүйіп қосылған ерлі-зайыптыларға арнасақ деп отырмыз.
Бірінші, күйеуіңізді не әйеліңізді көбірек құшақтаңыз. Біреуді құшақтау арқылы оны жаман ойдан, жеккөрушіліктен құтқарып қалатыныңызды білесіз бе?
Британдық ғалымдар құшақтасу денсаулыққа өте пайдалы екенін дәлелдеді.
Жақынымен көп құшақтасатын адам ауру-сырқауларды оңай жеңеді және өмірдегі кейбір сәтсіздіктерді тез еңсеріп кетеді екен. Ол күйзелістен аман, өзіне-өзі қол жұмсау секілді қайғылы әрекеттерден алыс болады.
Ғалымдар: «Біреудің құшағында жүрген адамда сенімділік, өмірге деген құштарлық басым болады. Мұндай адамның көңіл-күйі де көтеріңкі болатыны анық. Құшақтасу адамға жайлылық, жылылық сыйлайды. Оның сезімдерін оятады», — дейді.
✅ Жақынымен үнемі құшақтасып, оның жанында жүретін адамның иммунитеті мықты болады. Жүйке жүйесі мен эндокриндік жүйесі де тұрақты болады.
Сонымен бірге ерлі-зайыптылардың құшақтасуы қандағы гемоглабиннің мөлшерін қалыпты жағдайда ұстап тұрады.
Ендеше, жақыныңыздан жылуыңызды аямаңыз, құрметті оқырман!❤️
Бұл өмірде бір-бірімізге жылылық сыйлап, бір-бірімізді құрметтеп жүргенге не жетсін?!
Алла ерлі-зайыптыларды бірін-бірі қинасын деп емес, бірін-бірі сыйласын деп қосқанын есіңізден шығармаңыз!