Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету — басты міндет

 «Нұрлы жер» тұрғын үй—коммуналдық шаруашылығын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Талас ауданы, Қаратау қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Көктал су құбыры салынуда.

Тапсырыс беруші – Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй—коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және патомобиль жолдары бөлімі болып табылады. Мердігер мекеме — «Таразстрой — 2004» ЖШС—гі. Жобаның құрылысы 2020 жылдың 9 сәуірінде басталып, жоспар бойынша 2022 жылдың 9 мамырында аяқтау көзделуде.

Жалпы сметалық құны – 2 848 273,0 мың теңгені құрайды. Су құбырының жалпы ұзындығы 33,4 шақырымды құрайды.

 Құрылыс нысаны бойынша – 33,4 шақырым су құбырының 32,4 шақырымы 400*36,8 диаметрлі пластикалық құбыр, 1 шақырымы 377*7 темір құбыры орнатылады.

Қажетті 4 ұңғыманың 2 данасы 270 метрлі, 2 данасы 140 метрлі. Бүгінгі таңда, 1 дана 270 метрлі ұңғыманың 190 метрі қазылды, 1 дана 270 метрлі ұңғыманың 20 метрі қазылды және орнатылатын 125 құдықтың 100 данасы орнатылды.

 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі