Болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу

Кездесуде Б.Ескеев үміткерлерге құқық қорғау органының қызметкерлерін таныстырып, аталған кездесудің мақсаты мен маңыздылығы жөнінде баяндап өтті. Ол өз сөзінде бүгінгі қоғамдағы ең басты — мәселе Қазақстан Республикасындағы әрбір азаматты мемлекет тарапынан құқығын қорғау және сақтау заң қызметкерлерінің абыройлы міндет болып саналатынын жеткізді.

— Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде, — деді Б.Ескеев.

Жиын барысында сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Құқық қорғау органы туралы заңы мен Әдеп Кодексі жөнінде кеңінен түсініктеме берілді. Кездесу соңыда үміткерлер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған құқық қорғау органдарының қызметкерлері толыққанды жауап берді.