Н. Нұржігітов: Төтенше жағдайдың орын алғанын күтпей, алдын алу керекпіз

Аймақ басшысы бұл мәселенің маңыздылығын, тұрғындардың талай жылдан бері көтеріп келе жатқан өзекті өтініші екендігін баса айтты.

 

— Біз бұл жұмысты тезірек қолға алу керекпіз. Алдағы уақытта шешілмес өте күрделі мәселеге айналуы мүмкін,-деді Нұржан Нұржігітов.

Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев республика көлемінде кәріз тазарту ғимараттарын салуды халықаралық қаржы ұйымдарының қаржысына іске асыру туралы шешім қабылданып, 53 қалалардың тізіміне Тараз, Шу, Қаратау, Жаңатас қалалары енгізілгендігін жеткізді.

— Қазақстан Республикасының Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің  2 тетігі бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асырудың моделі бекітілді,-деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі ұзаққа созылатын құжат әзірлеу жұмыстарын күтпей, мәселені тез арада шешу жолдарын қарастыру керектігін атап өтті.

— Жамбыл ауданындағы жағдайды көріп отырмыз. Енді төтенше жағдайдың орын алғанын күтпей, алдын алу керекпіз. Тараз қаласының қолданыстағы сүзу алаңдарының толуына байланысты қосымша карталардың құрылысына 20 гектар жер телімі алынған. Сол бойынша жұмысты жеделдету үшін зерделеулер жүргізіп, нақты шығынды есептеңіздер,-деген аймақ басшысы жауаптыларға тиісті міндеттер жүктеп, 1 апта уақыт берді.

Сондай-ақ, Тараз қаласы үшін жаңа кәріз тазарту құрылыстарының жобасына инвесторлар тарту бойынша жан-жақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Босқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе сумен қамтамасыз ететін мекемелерді, су нысандарын жекешелендіру жайы қаралды.