СУ ЖҮЙЕЛЕРІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ — КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі С.Арубаевтың қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, онда ағымдағы жылдың вегетациялық кезеңінің басталуына байланысты суландыру жүйесі мен гидротехникалық құрылғыларды дайындаудың барысы талқыланды.
Басқосу барысында «Тасөткел су қоймасы» өндірістік бөлімшесінің басшысы Н.Кирбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қоғамдық кеңес төрағасы Е.Досымбаев өндірістік бөлімшенің атқарған жұмыстарына қатысты бірқатар сын-ескертпелерін жеткізді. Сонымен қатар қоғамдық кеңес мүшелері аудандағы каналдардың тазалығын сынға алып, ондағы мәселелерді шешу мақсатында өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиын соңында кеңес мүшелері ағын суды дер кезінде жіберу, «Тасөткел су қоймасындағы судың көлемін анықтап, топотүсірілім жұмыстарын жүргізу, жерасты суларының деңгейін төмендету мақсатында дренаждық ұңғымаларды ретке келтіруге қатысты ұсынымдарды қабылдады.
ШУ АУДАНЫ