ЖАҢАҚОҒАМДА ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕТЕРЛІК
Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Серік Сәрсенбеков және аудандық мәслихат хатшысы Жасұлан Әбенов Жаңақоғам ауылдық округінде болып, тұрғындардың бастамаларына қолдау білдірді.
Айта кету керек, ауыл мектебін 2006 жылы тәмамдаған түлектер «Жомарт түлек» жобасы аясында ауылға 1000 түп түрлі ағаш егу жұмыстарын қолға алған.
Нақтырақ айтсақ, 630 қара тал, 230 терек және 45 декоратив ағаштарының көшеттері егілді.
Жаңақоғам ауылдық округінің әкімі алдағы уақытта 3 гектар аумақты алып жатқан саябаққа тұрғындар тарапынан сахна, алтыбақан, жүгіру жолағы мен футбол алаңшасы соғылатынын айтады.
Сондай-ақ, аудан әкімі ауылдағы мешіт асханасын кеңейту жұмыстарымен танысты.
Ауыл ақсақалдары Сәкен Қаланұлына құрылыс алаңын көрсетіп, атқарылған жұмыстар туралы жан-жақты мағлұмат берді.