ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Аудан орталығының іргесінде орналасқан Қорағаты ауылдық округіндегі жол жөндеу жұмыстарын көрдім. «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында қолға алынып жатқан жұмыстар өз деңгейінде жүзеге асуда.
Қазіргі кезде жол жөндеу жұмыстары Мойынқұм ауылының Д.Қонаев көшесінде жүргізіліп жатыр. Ауыл әкіміне бірқатар кемшіліктер бойынша ескерту жасап, мердігердің жұмысты сапалы орындауын қадағалау керектігін жеткіздім.
Аталмыш жоба аясында биыл Қорағатыда тағы да үш көшенің жолдары жаңартылатын болады.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі