Қарағандыда цифрлық технологиялардың артықшылықтары туралы айтылды
Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасаусаласына цифрландыру енгізілді. Құқықтық ақпаратэлектрондық форматқа көшірілді.
Оның Қарағанды облысында қалай жұмыс істейтінітуралы аппараттық кеңесте айтылды.
– Өткен жылдан бастап «Е-өтініш» жүйесі енгізілді, ол өтініштерді қараудың жеделдігі мен сапасынарттыруға мүмкіндік берді. Барлық деңгейдегімемлекеттік органдардың басшыларында әкімшілікпроцедураның бүкіл процесін бақылауға мүмкіндік бар. Жүйе адресатты автоматты түрде анықтаумен қатар, өтініш берушілердің өтініштері бойынша бүкіл тарихтықамтиды және мемлекеттік органдарға талдау жүргізугемүмкіндік беретін құралдарды қамтиды, – дептүсіндірді ҚР Бас прокуратурасының Құқықтықстатистика және арнайы есепке алу жөніндегіКомитетінің Қарағанды облысы бойыншабасқармасының басшысы Жұлдыз Бұламбекова.
Ведомствоның мәліметінше, бірінші тоқсандаэлектронды жүйеде 22 018 өтініш тіркелген.
Цифрлық технологиялар мемлекеттік органдаржұмысының ашықтығы мен тиімділігін, ақпараттыңқолжетімділігін, ұсынылатын мемлекеттік қызметтердіңжеделдігі мен сапасын арттырады.
Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру рәсіміавтоматтандырылды. Осылайша, адами фактор менсыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылды.
Құқық қорғау органдарындағы қағаз жұмысықысқарғаны атап өтілді. Цифрландыру сотқа дейінгітергеуде, қылмыстық және әкімшілік істерді жүргізудеенгізілген. Мысалы, ӘҚБТ жүйесі бірнеше рет басуарқылы электрондық хаттаманы құрайды.
Сонымен қатар, құқық қорғау және арнайыоргандар арасында автоматтандырылған ақпарат алмасуқамтамасыз етілді. 26 мемлекеттік органның 87 дерекқоры біріктірілген.
Түрлі геоақпараттық карталар мен сервистерәзірленді: апаттылық, қылмыс картасы, айыппұлдар, алимент бойынша борышкерлер, адамдарды іздеу жәнет. б. туралы мәліметтер.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек цифрлықтехнологияларды сапалы пайдалану жөнінде тапсырмаберді.
– Кез-келген автоматтандырылған ақпараттықжүйенің мақсаты – жұмыс процестерін оңтайландыру, бюрократизация, жылдам нәтиже алу. Бұл азаматтардыңмемлекеттік органдарға жүгінетін мәселелерін жеделшешудің маңызды құралы, – деп атап өтті аймақбасшысы.
Жомарт Шаймұрат