Бүгін «ELGE QYZMET» қоғамдық қайырымдылық қоры мен «QARATAU» қайырымдылық қоры бірлесіп, Талас ауданы, Қаратау қаласының тұрғыны, 6 баланың анасы, жалғызбасты Батима Қаңтарбаеваға жалпы құны 3,9 млн. теңгеге 4 бөлмелі пәтердің кілті табыстады.
«Елге қызмет» қоғамдық қайырымдылық қорының Жамбыл облыстық филиалының директоры Даурен Бубековтың айтуынша үстіміздегі жылы қайырымдылық қоры облыс бойынша мұқтаж 25 отбасыға баспана кілтін табыстаған екен.
Мұқтаж жандарға қол созып, баспаналы болуға жәрдем беруді мұрат тұтқан «ЕLGE QYZMET» және «QARATAU» қайырымдылық қоры мүшелеріне аудан әкімдігі шексіз ризашылығын білдіреді.