Қарқаралы ауданында халық театрларының күндері өтеді
Қарқаралы ауданында 21 және 22 сәуір халықтеатрлары күні болып жарияланды. Бұл күндерактриса Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына арналған. Аудан тұрғындары КеңесЖұмабековтың «Адасқандар» драмасымен, СофыСматаевтың «Біржан сал» пьесасымен және басқа дақойылымдармен таныса алады.
Қарқаралы ауданында халық театрларыныңкүндері соңғы бес жыл бойы өткізіліп келеді. Жылсайын жаппай қойылымдар сәуір айында жұмакүндері ұйымдастырылды. Биылғы жылы Қарқаралыхалық театрлары өздерінің есептік қойылымдарыноблыстық халық театрлары байқауымен ұштастырды.
– Біз театр күндерін облыстық байқауменбіріктіруді ұйғардық. Ол бастау алды, комиссиябірқатар аудандарға барып, жақын арада бізге келеді, – дейді Қарқаралы ауданының мәдениет жәнетілдерді дамыту бөлімінің басшысы ЖазираЫсқақова. – Сондықтан біз көріністерді екі күнге – 21 және 22 сәуірге бөлдік. Театр күндерін АтығайШанин атындағы халық театрының ұжымы ашады. Сағат 11:00-де Қарқаралыда Кеңес Жұмабековтың«Адасқандар» драмасы көрсетіледі.
Сол күні 21-сәуір 16.00-де Абыз ауылындағыМақат Рымжанов атындағы «Абыз» халық театрыСофы Сматаевтың «Біржан сал» пьесасын қояды.
Егіндібұлақта 22 сәуір күні сағат 10:00-де Сапарғали Ләмбековтың «Саржайлау сазы» повесініңжелісі бойынша жазылған Баянғали Көпжасаровтың«Тәттімбет» драмасы көрсетіледі. Сағат 11:30-да Тәттімбет ауылының халық театры ОлжасЖанайдаровтың «Жұт» пьесасын ұсынады.
– Халық театрларының күндері Ұлы театр жәнекино актрисасы, педагог Шолпан Жандарбекованың100 жылдығына орайластырылған. Ол біздіңауданымыздың тумасы болғандықтан, облыстықхалық театрлары байқауының жеңімпаздарынмарапаттау бізде өтеді. Сондай-ақ, шығармашылықжарыстың үздік қатысушылары өз қойылымдарынбіздің сахнада ұсынады. Біз тұрғындардыжерлестеріміздің театр өнері мен актерлікшеберліктеріне тамашалауға шақырамыз. Барлықкөрсетілімдерге кіру тегін, – деп қосты ЖазираЫсқақова.
Жомарт Шаймұрат