АГРОСАЛАДА 4 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Аймақта 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 350,4 млрд. теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Олардың негізгі бағыттары сүт тауарлы фермаларын, көкөніс сақтау қоймаларын, бордақылау алаңдарын, құс фабрикалары мен қант зауытын салу және кеңейту, сондай-ақ жаңбырлатып суару технологияларын енгізу, сүт өнімдері мен картоп өнімін қайта өңдеу болып табылады.
Осының аясында биылғы жылы облыста құны 27,7 млрд. теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асырылып, 599 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.
Бүгінгі күні облыстың Қордай, Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласында 4 жоба жүзеге асырылды. Құны 2,8 млрд. теңгені құрайтын бұл жобалардың 3 көкөніс сақтау қоймасы, 1 кондитерлік цех. Мұнда 110 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Айта кету керек, өткен жылы 19,2 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жоба іске асырылып, 595 жаңа жұмыс орны ашылған болатын.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы