Қарағанды облысының әкімі кеншілерменжәне кәсіподақ өкілдерімен кездесті
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбеккеншілермен, кәсіподақ ұйымдарымен және«АрселорМиттал Теміртау» басшылығымен кездесті. Барлық өткір мәселелер талқыланды: кеншілердіңлайықты еңбегі, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жабдықтарды жаңарту.
Бүгінгі таңда облыс әкімдігінің бастамасыменшахтерлер мен металлургтердің тұрғын үй мәселесішешілуде. Арнайы ипотекалық бағдарлама басталды. 61 отбасы жеңілдетілген ипотека алды. Тағы 60 құжат жинау сатысында.
«Абай» шахтасындағы қайғылы оқиғадан кейінкелісім комиссиясы қабылдаған «АрселорМитталТеміртау» ұжымдарының талаптарын орындаубақылауда қалады.
Жеңіс Қасымбек белгілі бір жұмыс жүріпжатқанын атап өтті. Бірақ шахтерлерден өтініштеркеліп түсуде. Жұмысшылар әлі де жер астындағыеңбек жағдайларына шағымданады.
Атқарылған жұмыстар туралы «АрселорМитталТеміртау» АҚ атқарушы директоры Әлішер Әбеновбаяндады. Оның айтуынша, барлық талаптардыңішінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәнежабдықты жаңартуға байланысты ұзақ мерзімдісипаттағы төрт тармақ қалды.
Жалақыны көтеру мәселелері шешілді. Ескіргенжұмыс көлігін жаңарту басталды: осы жылғажоспарланған 56 автобустың 12-сі желіге шықты, жақын арада тағы 14-ін жеткізу күтілуде.
Кадр тапшылығын жою үшін көмірдепартаментінің кәсіпорындарына ай сайын шамамен120–130 адам қабылданады.
– Компанияның толық орындалуы тиісміндеттемелері бар. Біздің кездесулеріміз кеншілерұжымдары көтерген барлық мәселелердіңорындалуына қол жеткізгенге дейін жалғасады, – деді Жеңіс Қасымбек.
Жомарт Шаймұрат