«Екеумізде бір бақыт»

Махаббат мейірімділік мекені. Махаббат адалдылық айнасы. Махаббатқа тұнған жүректер лүпіл қағып, жылына бір рет келетін Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күнін тағатсыздана күтетін қос ғашықтар әлемі күн санап өсіп келеді. Бұл ақиқатты айдын. Әлбетте. Сүйген адамын қуанту үшін он ойланып, мың толғанып жүргендер де бар-ау. Қозы Көрпеш-Баян Сұлудың  тағдыры қалай болды? Осы жаққа да назарымызды аудара кетейік.

Бұл екі ғашық шамамен 12-13 ғасырларда ғұмыр кешкен. Сарыбай мен Қарабайдың төл перзенттері. Аң аулап жүріп құдаласқан бұл екеуі ұл-қыздарының кейінірек махаббат жолында түрлі қиыншылықтарға ұрынатына куә болады. Дүниеқоңыздық пен көре алмаушылық, кек пен ашуға тап болған қос жүрек иесі өле-өлгенше бір-біріне деген нәзік сезімдерін сақтай білген. Олардың махаббаттары осымен құнды.

Жырдағы Көрпештің Баянға арнап айтқан мына сөздерін оқыған кім-кімнің де жүрегі тебіренері хақ:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен оған

Ішіме қайғы толғызды…

Әлкей Марғұлан «Мәңгілік жыр» деп атаған бұл жыр қазақ халқының төбеге көтерер мақтанышы, қос жүректің ұраны іспетті.

Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынып, бастама көтерген Дархан Мыңбай атты Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген ел ағасы. Мереке халық арасында 1999 жылдан бері тойланып келеді.

Махаббат — дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі болса, ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы іспетті.

 

Осы орайда ғашықтар мерекесі күні  15 сәуір Қозы Көрпеш-Баян Сұлу күніне байланысты жастар саябағында ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Екеумізде бір бақыт» атты еркін форматта көңілді кеші атап өтілді.Сағат 17:00 де жастар саябағына жиналған көпшілік тамсанып қайтты.  Аталған іс-шараға аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, және Нұр-Сұлтан қаласынан келген әншілер шоумендердің қатысуымен қызықтыра түсті. Кешегі ұлы адамдардың махаббатын жалғастырған Егіндікөл ауданының қос ғашықтары да арнайы келіп, қызықты ойындарға қатысып, өнер көрсетіп сыйлыққа ие болды. Мерекелік көңілді кештің жалғасы би алаңымен аяқталды.  Барша қатысушылар мен көрермендерге ерекше ықыласымды білдіріп, махаббаттарыңыз баянды болсын деген тілек мына бір өлеңіммен қорытындыласам деп отырмын.

Сені сүю, мықтылық табандылық,

Ең бастысы жүргенін анамды ұғып.

Көз алдымнан қол бұлғап кете барды,

Қараңғылық.

Сені сүю кедергі көлеңкі емес,

Мен сені жаным бақытқа көрем теңдес.

Дәл осылай сүймесем жылап тұрып,

Өлең келмес.

Мақала авторы: Ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімінің СММ менеджері Аманжол Сұрағанов.

Фотоны түсірген: