192 КАНАЛ ТАЗАЛАНДЫ

Жыл басында облыстағы механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдар зерделеніп, ақпан және сәуір айлары аралығында асарлатып тазалау жұмыстары қолға алынған болатын. Бүгінгі күні 2 384 шаруа асарлатып ұзындығы 722,6 шақырымды құрайтын 192 каналға тазалау жұмыстарын жүргізді. Осылайша биыл да мол өнім алуға үмітті диқандар вегетациялық кезеңді жүйелі жүзеге асырудың қамын жасады.