АЯЗ БЕТБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәдениет үйінде әнші, ақын, термеші Аяз Бетбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Атақты Сауытбек ақынның сарқыты атанып, Сүйінбай, Жамбыл, Кенендердің ізін жалғаған жерлесіміздің өнері кейінгі ұрпаққа үлкен мұра екені сөзсіз. Тұтас ғұмырын өнер саласына, ауданның мәдениет саласын дамытуға арнаған ағамызды қалай құрметтесек те жарасады.
Аяз Бетбаевтың өнер әлеміндегі мұрасын дәріптеу жұмыстарын одан әрі жалғастырып, есімін ел есінде қалдыруға арналған шаралар алдағы уақытта ерекше қарқын алатын болады.