ҰЛЫ МӘРТЕБЕЛІ ҰРЫЛАР

Мынау—ұры-қарылардың заманы,
Білмейтұғын ұят, обал, шаманы.
Отыз жылдай жеді Ұлттық Байлығын,
Миды жеді (бәрінен де жаманы…).

Сарайлары Нью-йорк, Лондонда,
(Миллиардтаған құны бар!).
Тоқалының бірі—шекер, бірі—бал.
Еш елде жоқ,—бізде ғана тұрады,
Ұлы мәртебелі ұрылар!

Олар ішіп, жегеніне шала мас,
Артына енді қарамас?
…Жас баладай алдында тұр Алланың,
Қазақстан—
Аш һәм тырдай жалаңаш…