«Уылдырық-2021»
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап Жамбыл облысының аумағында «Уылдырық-2021» жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты- балық және оның ресурстарын заңсыз өндіруге, тасымалдауға және сатуға байланысты құқық бұзушылықтар мен экологиялық қылмыстардың алдын алу және анықтау.
— Іс-шаралар басталғаннан бері балық ресурстарын заңсыз аулаудың 90 құқық бұзушылық дерегі анықталды. 99 тұлғаға қатысты жалпы сомасы 900.000 теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 4 қылмыстық істі тіркеді, құқық бұзушылардан 100 келі балық пен 500 метр қытай өндірісінің синтетикалық моноталшық торлары тәркіленді,– деп атап көрсетті Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.
Аталған алдын алу шаралары 2022 жылдың 31 мамырына дейін жалғасатын болады.