Үшбас ауылы тұрғындарына жайылымдық жер картасы таныстырылды
Бүгін Сарысу ауданы Түркістан ауылдық округіне қарасты Үшбас ауылының тұрғындарымен маңызды басқосу өтті.
Басқосуды ауылдық округ әкімі А.Шортанбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселеге кең көлемде тоқталып өтті.
Сөз кезегін алған Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Д.Әлімхас ауыл тұрғындарына «Жайылым туралы» Заңды кеңінен түсіндірді.
Бұдан кейін Түркістан ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Ж.Арыстанбеков ауыл тұрғындарына Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасы бойынша әр аудан, әр округ, соның ішінде Үшбас ауылы бойынша жайылымдық жерді зерделеп, кеңінен түсіндіріп берді.
Үшбас ауылындағы үй саны, мал саны, Сарысу аудандық Мемлекеттік кірістер бөліміне жайылымдық жер алып шаруа қожалық болып тіркелген ауылдағы 14 шаруашылықты, ондағы ауылдық округ әкімі аппаратының шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу кітабындағы және ветеринариялық ИСЖ дерекқорындағы мал санын дәлме-дәл айтып, дайындалған жайылымдық жер картасы арқылы толықтай тоқталды.
Шаруа қожалықтары үшін жайылымдық жер тапшы болып жатса, Барша әулие, Қожа шаян, Батпақсу өңірлерінен алған шаруа қожалықтарға тиесілі жайылымдық жерлеріне барып отыру керектігін айтып, ҚР А/ш министрінің 24.01.2008 жылғы №28 бұйрығы: елді мекен ішінде мал ұстау жүктемесінің ветеринарлық нормативтерін орындау керектігін жеткізді.
Жиынға қатысушылар өздерінің жайылымдық жер бойынша сұрақ-сауалдарын Түркістан ауылдық округінің әкімі А.Шортанбаевқа, Сарысу ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы Д.Әлімхасқа, көршілес жатқан Жаңарық ауылдық округінің әкімі Қ.Алдабергеновке де қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды.
Жиынды ауылдық округ әкімі А.Шортанбаев қорытындылап, жиынға қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.