ҰСЫНЫСТАР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АЙТЫЛДЫ
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының «Орталық» бастауыш партия ұйымының бастамасымен Бастауыш партия ұйымдарының бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардан қайтарылған 20% қаржыға Б.Момышұлы ауылында орналасқан Д.Қонаев атындағы #19 мектеп гимназиясында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың елді жан-жақты жаңғырту мен жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бағдарын түсіндіру және партияның алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында «Жаңа Қазақстан -Жаңа мүмкіндіктер» атты партия атынан сайланған мәслихат депутаттары мен бастауыш партия ұйымдарының топтары арасында дебат ойындарының турнирі өткізілді.
Шараны партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы М. Нарымбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Е. Тілеубеков ашып, қатысушы топтарға сәттілік тіледі.
Жалпы дебат ойындарының турниріне 10 топ қатысты.
Тартысты өткен ойын нәтижесі бойынша төмендегі командалар топ жарды.
✅І орын «Талапты» тобы (аудандық мәслихат депутаты Р.Сайлаубаев, Б.Момышұлы орта мектебінің мұғалімі М.Мамытов)
ІІ орын «Лидер» тобы (аудандық мәслихат депутаты Э.Абишева, «1 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Қалқабай)
ІІІ орын «Самұрық» тобы (М.Ломоносов орта мектебінің мұғалімдері Г.Шотбақова, Б.Медербаева) қанжығасына байлады!
Сондай-ақ «Үздік ойыншы» номинациясымен аудандық мәслихат депутаты, партия мүшесі Мұсаханова Гүлнар Махамбетқызы, ал «Үздік төреші» номинациясымен Жүсіп Манат Мүсірәліқызы марапатталды.
Жеңімпаз командаларға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Топ жарған топтарды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!