Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа

• Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.
• Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.
• Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.
• Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.
• Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.
• Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.
• Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.
• Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
• Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.
• Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.
• Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.
• Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.
• Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.
• Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.
• Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.
• Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.
• Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.
• Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.
• Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.
• Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.
• Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.
PS: Бақытжан Аббазұлының парақшасынан алынды…!