Адамның жасы
Адамның жасы жәй ғана сан. Бірақ жас өскен сайын басыңқы, тәжірибелі, салмақты бола бересің. Сондықтан әр сәтті бағалау керек!

Адам тым көп уақытын айналадағы адамдардың мақұлдауы мен қолдауына ие болуға жұмсайды. Айналып келгенде іздеген жоғын таба алмай, сарсылады. Жан дүниеңе терең үңіл.

Жақсылық үшін де, жамандық үшін де, күйініш үшін де. Өмір өздігінен таңғажайып сый! Ал, ләззат алу мен қайғы шегу — жүріп өтер жолдың бір бөлігі.

Сонда өмір өзі-ақ өзгереді. Егер қорқыныш, ашу, реніш, өкпе сезінсеңіз, онда бұл жағдайға басқа қырынан қарап көріңіз. Өзіңе адал бола тұрып өзгелерді бақытты ету мүмкін емес. Бірақ тәуекелге бел буып, ешкім түсінбейтін қылық таныту дегеніңіз сүйікті болып, өз меніңнен бас тартқаннан артық.

Өзгенің бойынан жақсы көрген қылығымыз өз болмысымыздағы жақсы көрген қасиеттер. Өзгенің бойындағы ұнамсыз әрекет, өзіміздің де сондай ерсі қылықтарымызды саралау қажеттігін білдіреді.

Біздің өмірге келген әр адам өз мақсатымен келеді. Ал, олардан сабақ алуды немесе алмауды өзіміз шешеміз. Ол адамның біздің өміріміздегі рөлі қаншалықты нашар болса, оның берер сабағы соншалықты терең. Жақсылап түйіп алу керек.
Сеніңіз


Өзге адамның әрекеті оның өмірінде не болып жатқанының айнасы. Ереже бойынша оның сізге еш қатысы жоқ.

Таза ауадағы серуен, тамаша табиғат көріністері қажетсіз, бекер ойдан әдемі арылтады. Өмірге деген құштарлықты оятып, көңіл-күйді көтереді.

Сонда да оларды жақсы көріңіз. Сізге қашықтық сақтап жақсы көруге ешкім тыйым салмайды ғой.

Қорқыныш пен әлсіздіктеріңізді алдыңызға қойып, оларға күн сәулесін түсіріңіз. Олардан құтылудың бір ғана амалы, олардың өн бойынан өту. Шындыққа тура қарау. Келешекте әсері мол әдіс.

Өте ауыр нәрсе. Босаңсып үйрену керек. Жетістікке ұмтылу керек. Бірақ алдымен өзіңізге қателік жасауға жол беріңіз. Нәтиженің қандай боларына қарамастан бақытты болуды үйреніңіз.

Тек өзіңіздің мақсатыңыз бен тілектеріңізді ғана ойлай бермеңіз. Олай етсеңіз, өмірдің ғажабы мен айналадағы асыл жандардың жылуынан құр алақан қаласыз. Көзіңізді айқара ашып қарасаңыз, әлемнің кереметі көп екенін байқайсыз.

Көзге көрінбейтін, титтей жетістікті де назардан тыс қалдырмаңыз! Бәріне мән беріп, лайықты атап өтіңіз!

Кешірім деген сені ренжіткен адамға емес, өзіңе керегірек. Кешіре білген адам жан тыныштығы мен рух азаттығын сезінеді. Сен өресі биік адам болуға лайықтысың! Тез әрі оңай кешіріп үйрен!

Егер бір сәт тоқтап, дем алмастан жүрегіңді тыңдасаң, ішкі даналықтың дауысын естуге болады. Жүректің үнсіз сыбырын естіңіз! Ол хақтың жолын анық көрсетеді.

Шынайы бол! Әлемді шарқ ұрып қанша кезсең де, сен жалғызсың! Сендей адам жоқ! Шын өмір сүр, кеуде кере дем ал! Мақсатты бағындыр!

Рас қой! Сенім, талап, жігер мен қайрат бар жерде, бәрі мүмкін! Осыны ұмытпа!

Әр адам шуақ шашады. Сен де шұғыла шашып тұрасың! Кей адам өз шуағына көлеңкесін түсіріп тұрады. Өзгенің күні бол! Оларға ақ жол көрсет!
Көп қиналма!


Асқақ арманың болса, соңына түс! Өмірдің ағымынан қалмай, аяқты ақырын басып, қашықтық сақтай отырып, сабырлы қалпыңнан айнымай, биігіңді бағындыр!

Даналықпен, махаббатпен, дарыныңмен бөліс! Оңай беріп үйрену керек! Сонда өмірден қаншама кереметтер қайтатынына көз жеткізесің!

Егер ішкі жан дүниең тегіс тоналса, берерің қалмас. Жүйелеп отыру шарт. Көз қуантқан нәрсенің барлығына «Иә!» деп жауап қатыңыз. Қызықтырмаған, уақыт алатын дүниеге «Жоқ!» деңіз. Уақыт – қайтып айналып келмейтін құны жоқ байлық. Ақылға салып жұмса!

Бұл сенің, я достарыңның жамандығынан емес. Тек жолайрыққа келдік деген сөз. Оларды жүректе сақта. Ренжітіп, етегіңнен төмен тартса, онда ара-қатынасты азайтып, достықты еркіне жіберу керек.

Қорқынышты бағдар айқындаушы етіп ал. Оның жетегінде кетсең, көп нәрсеге көзіңді ашасың. Үрейін жеңу әркімнің өзі үшін жасай алатын ең маңызды жақсылығы. Үрейін жеңген адам қолынан бәрі келетінін сезінеді. Өзіңе деген сенімнің қайнар бұлағы осы.

Денеңді жақсы көр. Қамқорлық таныт. Сонда өзіңді қуатты әрі жігерлі сезінесің. Бірақ бұл айнаның алдынан шықпай қал деген сөз емес. Сыртқы әлпет субъективті. Уақыт өте келе адам өзгереді. Ең бастысы өз денеңде өзіңді ыңғайлы әрі көркем сезіну.

Жақсы көру артық етпейді. Олар үшін жандарында болуың, уақыт бөлуің, жақсы көретініңді сездіру – ең құнды сый.

Бүгін деген қолда бар бақыт. Өткеннің қателігінен сабақ ал. Ыстық естеліктерді еске түсір. Бірақ оларды аңсай берме, еркіне қоя бер. Келешек туралы арманда. Тек құр қиялға берілме. Бүгініңді бағала.

Адам бойындағы бар қуатын толық ашу үшін екеуі де керек. Тақымды қаттырақ қысып, желге қарсы шабудан үрікпе.

Нәсілдің нәсілден артықшылығы жоқ. Адам белгілі бір биікке көтерілгенде нені, қалай дұрыс жасау керектігін іштей ұғынады. Келесі жолы басқа біреудің санасы пісіп, жетіледі.

Күн сайын барыңа шүкірлік ет. Сол ынсап арқылы айналаңа бақ-береке дарыған, сезімі қайнаған, денсаулығы мықты, жетістікке бастар кеңістік қалыптастырасың.

Кейде адам өзін осылай сезінеді. Бұл артық ой. Айналадағы адамдарға, әлемге бір қарап қой. Олардан көп жаңалық пен ғажап дүниелерді біле аласың. Әлемге махаббат, шат күлкі мен жан жылуы қажет.

Өмірдің көбі жұрттың саған жетістікке жету үшін не істеу керек, не ақылға жүгініп, қалай ойлау маңызды екендігін тыңдаумен өтеді. Әркімге сене берме. Өзің үшін өзің ойлан. Кедергіні бұзып, жар! Өзгенің сенен күткенін жасауды доғарсаң, ішкі түйсікке жол ашасың. Өзіңді бақытты сезінесің.!….

Вы, Арай Газеті, Бекбосын Кенжегараев и ещё 63
Комментарии: 23
Нравится
Комментировать
Поделиться