Полицейлер кәмелетке толмаған қыздың өмірін құтқарып қалды
Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде қала көшелерінің бірінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, патрульдеп жүрген полиция батальонының қызметкерлері полиция капитаны Айдын Абрахманов пен полиция лейтенанты Еламан Абенов жол бойында жаяу кетіп бара жатқан қыз баласының кенеттен есінен танып құлағанын көреді.
Олар жедел түрде қыз баланың жанына барып, алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Жасы кәмелетке толмаған қыз есін жинап, өзінің эпилепсия ауруымен ауыратындығын айтқан.
Полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмаған қызды үйіне жеткізіп, аман-есен ата-анасына тапсырады.
Өз кезегінде қыздың апасы немересінің өмірін құтқарып қалған полицейлерге өзінің шынайы алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.