ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас санитарлық дәрігерінің №22 қаулысына сәйкес коронавирус індетіне қарсы иммундық жүйені қалыптастыру, дертке төзімділікті күшейту мақсатында ревакцинациядан кейінде екпе салдырудың маңыздылығы орасан.
Бүгін емханада аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Алтай Сауруков «Pfizer» екпесінің төртінші компонентін салдыртты.
Емхананың иммунолог дәрігері Жадраш Тотаеваның айтуынша, бүгінде 10 азамат аталған екпенің 4 дозасын салдыртқан.
Аталған вакцина шет елдерге қатынауға мүмкіндік береді.