«Майбұлақ» каналы тазаланып пайдалануға берілді

Жетітөбе ауылдық округіне қарасты Майбұлақ ауылы маңында неше жылдан бері шешімін таппаған ұзындығы 4 километр болатын «Майбұлақ» каналы тазаланып пайдалануға берілді.

Аталған каналдан жергілікті шаруа қожалықтарының 115 га егістік жерін суғару мүмкіндігі туды.

Суармалы егістік жерді тиімді пайдалану мақсатында бірінші болып жергілікті шаруа Киясь Сергей 2 гектар картоп екті, келесі жылы көлемін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта басқа да жер иелеріне округ әкімшілігі түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жуалы ауданы әкімдігі