Бүгін Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, КСРО және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз Дүйсенбин Пернебай ағамыздың «Ұлт батырлары» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Аудан халқының атынан арнайы барып, құттықтап қайттым.
Пернебай ағаның қаламынан туған еңбектері барша оқырмандардың сүйіп оқитын туындыларына айналатыны сөзсіз.