ГЕНАРАЛ-МАЙОР — ҚҰРМЕТ ТӨРІНДЕ
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және ҚР Қарулы күштерінің 30 жыл толуына орай аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы әскери сала мамандарын қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
— Күштік құрылымдар — елдің қорғаны. Бүгінде мемлекетіміздің әскері — елдігіміздің берік қалқаны, тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры. Бүгін өздеріңізбен арнайы жүздесіп, мерекемен құттықтаудың сәті түсіп отыр екен. Елдің шаңырағынан шаттық кетпесін, бірлігіміз ажырамасын, деген Ерлан Қыдыралыұлы ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан генерал-майоры Рысбек Көшербаевқа Құрмет грамотасын, аудандық Қорғаныс істер бөлімі бастығының көмекшісі, мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі инспекторы Жанболат Қапальаевқа және аталған бөлімнің келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жөніндегі инспекторы Айжан Қарабаеваға Алғыс хатын, және сый-сияпатын табыс етті.
Өз кезегінде Рысбек Қалкенұлы әскери жүйенің қыр-сырларына тоқталып өтті.
Сонымен қатар салалық орынбасарлар бүгін әскери сала мамандарына аудан әкімінің марапаттарын жеткізетін болады.
Жамбыл ауданы