ҚЫРАҒЫ ШЕКАРАШЫЛАР — ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай және 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында «Ақсу» шекара бөлімшесіне барып, ондағы сарбаздарды атаулы мерекемен құттықтадым.
Бүгінде мұндағы сарбаздар Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып келеді. Қызметке қырағы сарбаздардың мемлекеттік шекараның тұтастығын сақтау жолындағы еңбегі орасан. Сондықтан да жас шекарашылардың еңбегін бағалап, Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын табыс еттім.