24 жас маман ант қабылдады

— Тек ең айбарлы, ержүрек және батыл адамдар ғана өзінің өмірлік қызметі ретінде құқық қорғау саласын таңдайды. Сіздердің әрқайсыларыңыз өз қызметтік парыздарыңызды бұлжытпай орындайтындарыңызға сенімдімін. Біз ел тағдыры, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қызметіміздің нәтижелілігіне, ұйымдастырылуы мен жауапкершілігіне байланысты екенін сезінуіміз керек», – деген департамент бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаев жеке құрамға лебізін білдірді.

Айта кетейік, бұл күні ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесі бақылаушылық қызмет бөлімінің аға бақылаушысы әділет аға сержанты Тойшыбек Малдыбаев ҚР ІІМ-нің грамотасымен марапатталды. Ал мекеменің жеке құрамы тағы 4 қызметкермен толықты.

aqjolgazet.kz