Қазақстандықтарға референдум тізіміне енгені туралы хабарлама SMS арқылы жіберіледі

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлаушылардың тізімге еніп-енбегенін тексеру үшін жаппай SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.
Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін әкімдіктер жасайды.
Уақытша тіркеуде тұрған азаматтар референдумға қатысқысы келсе, әкімдікке өтініш беруі қажет. Сол өтініш негізінде тізімге енгізіледі.
Референдумға байланысты 51 елде сайлау учаскелері ашылады.