ЖЕРҰЙЫҚ МЕКЕН – ЖУАЛЫ
Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы туралы ел арасында аңыз-әңгіме көп.
Жерұйықты іздеген Асан қайғы бабамыз өзінің желмаясымен жазиралы жерлер мен асқар тауларды аралап жүріп, шөбі шүйгін, суы тұнық, көркі әсем Жуалыға аялдаған. Табиғаттың осынау теңдессіз сұлулығына риза болған бабамыз: «Паһ шіркін, әсем де көрікті өлке екенсің, алайда аумағың аттың сауырына сиярлық аядай жер болып шықтың» — деп өкініш білдірген деседі.
Суретте Жуалы ауданындағы “Көксай” туристік кешені.