ЖЕҢІС КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Биыл соғыс деген зұлматтың аяқталғанына 77 жыл толды.
Бұл – миллиондар жан берген, миллиондардың қаны, тері, жасы төгілген сұмдық соғыстың тоқтаған күні.
Жеңістің жетпіс жеті жылдығы Тараз қаласының барлық аумақтарында лайықты деңгейде ұлықталуда. Ең басты іс-шара «Жеңіс» саябағындағы «Мәңгілік алауға» гүл қою рәсімімен басталды.
Бұл күні бейбіт күнді жақындатқан жауынгерлердің рухына тазғым етіліп, бүгінгі ұрпақ шейіт болған соғыс сарбаздарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ал, арамызда аз қалған қарт майдангерлер мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде. Сонымен қатар қала көшелері мен ардагерлер тұратын мекенжайларда өнерпаздар әскери оркестрда ән шырқап, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
9 мамыр күнтізбеде қызылмен белгіленіп тұрғанымен, оның қаралы көлеңкесі бар. Өйткені, Қазақстаннан соғысқа аттанған 1 миллион 200 мың адамның жартысына жуығы майдан даласынан қайтпай қалды. Бәрі де Жеңіс үшін! Бүгінгі бейбіт күн үшін! Сіз бен біз үшін!