Ардагерлердің ерлігіне тағзым ету бүгінгі ұрпақ үшін парыз
Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысына қатысушылардың қатары азайып, оларға деген құрмет пен алғысымыз артып келеді.
Соғыстың аяқталғанына 77 жыл өтсе де, майдангерлер мен тыл ардагерлерінің еңбегі өшпек емес. Туған жерін, елін жаудан қорғаған ардагерлердің ерлігіне тағзым ету бүгінгі ұрпақ үшін парыз.
Ұлы Жеңістің 77-ші көктемін Қордай өңірінде 3 ардагер ғана қарсы алуда.
Бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлері Николай Кожушко мен Михаил Бакшеевті құттықтадық. Ардагерлерімізге құрмет көрсету біздің басты міндетіміз.
Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен аудан өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Михаил Петрович, Николай Федорович әскери кительдеріне жарқыраған медальдары мен ордендерін тағып қарсы алды.
Николай Федорович қонақтарды жылы қабылдап, патриоттық әндерді орындаған өнерпаздарға ризашылығын білдіріп, отты жылдардағы естеліктерімен бөлісті.
Жасы 90-ды еңсерген ардагердің көңіл-күйі көтеріңкі, жайдары. Николай Федорович 1944 жылы майданға аттанып, Қытай мен Маньчжуриядағы жапон әскерлеріне қарсы ұрыстарға қатысқан.
Ардагерлерге құттықтау хатын табыстап, зор денсаулық тіледім. Сондай-ақ Николай Федоровичке «2038» шеқара қызметінің қызметкерлері құрмет көрсетті.
Ал, Михаил Бакшеев ағамыз болса 17 жасында майданға аттанған. 391-ші атқыштар және 4-гвардиялық дивизиялар құрамында фашистерді Чехия мен Австрияға дейін шегіндіргендердің қатарында болған.
Венаны азат етуге
қатысқан майдангер сол сұрапыл жылдарды әлі күнге дейін ұмытпайды.
Жылдан жылға саны азайып бара жатқан Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің батырлығын бізде ұмытпау керекпіз.