Ертең..

Ертең..
Біреудің жұлдызы жанар, енді біреудің тауы шағылар, әлдекімнің күйініші басылар, тағы біреудің ыстығы түсіп көзі шәйдай ашылар..
Ертең..
Мүмкін әлемді таң қалдыратын жаңалық жария етілген, көптен күткен жақсы хабар да жетіп қалар..
Ертең…
Талай тағдыр тоғысып, талай адам қоштасар, қаншама жүрек қуаныштан жарылып, қанша көңіл су сепкендей басылар…
Ертең …
Бәрі де мүмкін…
Үмітпен күткен таңдарда… аман-есен жолығайық.
Әумин!