ҚР Ұлттық банкінің «ұлт көсеміне» тартуы
Бұған дейін «Қазпошта» АҚ ұлт көсемі, «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп өткен Әлихан Бөкейхан бейнесін пошта маркасына енгізіп, Алаш зиялысының 150 жылдығына тамаша тарту жасаған болатын. Жыл басынан бері торқалы тойға әркім шама-шарқынша өз үлесін қосып жатқаны баршаға мәлім. Әсіресе, алаштанушы-ғалымдар мен «Ақжол» демократиялық партиясының еңбегі өлшеусіз. Аталған азаматтар ертең ҚР Ұлттық банкі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына арнап шығарған монетасын көпшілікке таныстырмақ. Рәсім ертең, яғни, 18 қазан түскі сағат 12:00-де Астана қаласындағы «Ақжол» демократиялық-идеологиялық партиясының Орталық кеңсесінде (Сарайшық, 11/5) өтеді. Келемін деушілерге есік ашық!