Aуылшаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау жұмыстарының нәтижесі
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Ж.Бақаев және аудан әкімдігінің ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Б.Садырбаев ауылшаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялау жұмыстарының нәтижесін баяндады.
Жалпы, ауданда инвестиция бойынша 39 бағытта субсидия төлеу жұмыстары жүргізіледі.
Қазіргі уақытта, аудан көлемінде 10 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 51,4 млн теңге субсидия төленді.
Егін шаруашылығы бойынша 2 бағытта субсидия төленеді. Біріншісі, өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыру болса, екіншісі тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасы (ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне).
Мал шаруашылығы субсидия төлеу асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау қағидасы бойынша 7 бағытта жүреді:
1. Етті мал шаруашылығы
2. Сүтті мал шаруашылығы
3. Етті құс шаруашылығы
4. Жұмыртқалы құс шаруашылығы
5. Қой шаруашылығы (ет)
6. Жылқы шаруашылығы (қымыз)
7. Шошқа шаруашылығы
Қазіргі уақытта, облыс көлемінде 2020, 2021 жылғы резервте тұрған субсидия өтінімдерін төлеу және 2022 жылдың 5 түрінен төлеу жұмыстары жүруде.
Айта кетерлігі, аудандағы өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бағдарламасы бойынша биылғы жылдың субсидиясына өтінімдер Портал арқылы қабылданбақ.
Айтылғандардың негізінде жауапты орынбасар мен бөлім басшысына тиісті тапсырмалар жүктедім.