Мойынқұмдағы тірлік
Мойынқұм ауылында қаңғыбас иттерді асырауға арналған орынның (питомник) құрылысы жүруде. Сондай-ақ, Мойынқұм ауылының тұсындағы байлау арқылы Ақиық каналына су мол берілуде. Соның нәтижесінде ауыл тұрғындары үй іргесіндегі жерлерін ағын суымен суғаруға қол жеткізді.
Көкжелек ауылының диқандары биыл 1237 гектар алқапқа әртүрлі дақылдар егуді жоспарлап отыр. Бүгінгі күнге дейін олар жүгері, тары, күнбағыс, картоп, көкөніс, бақша, жоңышқа дақылдарын екті. Мұнда егін суы үздіксіз берілуде.