КАНАЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Қазіргі таңда «Белходжа» каналының жалпы ұзындығы 19 шақырымдық су арнасына «лоток қалқаншалар» орнатылып жатыр. Каналдың күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғанда гидротехникалық құрылымдардың пайдалы әрекет коэффициенті артып, суармалы жерлер вегетациялық кезеңде сумен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы ауылдық округтегі суармалы жер қайта айналымға қосылады деп жоспарлануда.