Жамбылда 12 мыңнан астам оқушы жүзуді үйренді

Былтыр Жамбыл облысы аумағында 3 бала суға кеткен болатын. Бала өліміне жол берген және жұмысқа немқұрайлы қарағаны үшін мектеп директорларына тәртіптік шаралар қолданылды. Балалардың қаза болуының негізгі себептері олардың су айдындарының жанында ата-аналардың қарауынсыз қалуы, өз күштерін асыра бағалау мен жүзе алмауы болып отыр.
✅Осыған орай, өңірдегі 444 мектепте «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру парақтары таратылып, арнайы стендтер ілінді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брфингінде жергілікті білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов мәлімдеді.
Ол облыс аумағындағы су айдындарында келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатында білім бөлімдерінің жауапты мамандарымен онлайн форматта оқыту семинары ұйымдастырылғанын жеткізді.
❗️Осы бағытта 25 сәуірден 25 мамырға дейін барлық білім мекемелерінде дәстүрлі түрде акция өтіп жатыр.
©️©️©️
«Сонымен қатар, жазғы демалыс мезгілінде, аудандар мен Тараз қаласында орналасқан меншік нысанына қарамастан демалыс орталықтары мен бассейн егелерімен келісім-шарттар жасалып, 5 мыңнан астам оқушы жүзуді үйретумен қамтылатын болады. 7, 8 және 12 мамыр күндері білім мекемелерінің еріктілері Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп, Талас өзенінің жағалауында және Тараз қаласында орналасқан демалыс орындарында рейд ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аймақта 12380 оқушы жүзуге үйрету шараларымен қамтылды», — деді Талғат Салқанұлы.
Спикердің айтуынша, алдағы уақытта балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруда олардың өмірі мен денсаулығын, судағы қауіпсіздігін қадағалау жұмыстары жалғасатын болады.