Дүниеде не жақын?
— Тату болса – ағайын жақын,
— Ақылшы болса — апайың жақын.
— Бауырмал болса — інің жақын,
— Инабатты болса – келінің жақын.
— Алдыңа тартқан адал асың,
— Қимас жақын қарындасың.
Дүниеде не қымбат?
— Алтын ұяң — Отан қымбат,
— Құт берекең атаң қымбат.
— Аймалайтын — анаң қымбат,
— Мейрімді – апаң қымбат.
— Асқар тауың — әкең қымбат,
— Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
Дүниде не қиын?
— Арадан шыққан — жау қиын,
— Таусылмайтын — дау қиын.
— Шанышқылаған — сөз қиын,
— Жазылмаса — дерт қиын.
— Іске аспаған — серт қиын,
— Ақылыңнан — адасып.
— Өзің түскен — өрт қиын
— Не істеріңді біле алмай,
— Ашиды сонда бас миың.
© Қазыбек би