1 сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі
Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлім етті.
«Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сондықтан жаңа оқу жылында 1 сыныптан бастап «Еңбекке баулу» пәні қайта енгізіледі», — деді Тоғжанов.
Оның айтуынша, жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7%-ға жуық мектепте бұл тәжірибе бар.