ЖАМБЫЛДА 18 КОЛЛЕДЖ ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНА БЕРІЛДІ

Жамбыл облысындағы 44 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесінде 23 618 студент білім алса, 11 784-і мемлекеттік тапсырыс аясында оқуда. Колледждердің материалдық базасын жетілдіріп, сапалы білім беруге қол жеткізу мақсатында «Жас маман» жобасына 11 колледж еніп, 3,7 млрд. теңгеге замануи құрылғылар алынды. Бүгінде жобаға қатысқан 8 колледж ақылы негізде қызмет көрсетуде, оның ішінде 2 «Студент өнімі» дүкені және 2 ақылы қызмет көрсету орталығы ашылды.
✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангозов айтты. Ол биыл 8 колледж шамамен 41 млн. теңге табыс табатынын да жеткізді. Сонымен қатар, облыстағы 10 аудан мен Тараз қаласы әкімдерінің жанынан салалық жұмыс берушілер кеңестері құрылып, олардың ұсыныстары негізінде стратегиялық даму жоспары бекітілген.
©️©️©️
«Президенттің отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде берген тапсырмасына сәйкес, облыстағы колледждерді ірі кәсіпорындарға шефтік қамқорлыққа беру жұмыстары қолға алынды. Бүгінге 18 колледж «Казфосфат», «Имсталькон», «Палацио» кәсіпорындарына және «Шәушен» ірі шаруа қожалығына бейіндері бойынша беріліп, 3 жақты меморандумдар жасалды. Шефтік қамқорлыққа алынған колледждерге кәсіпорындар тарапынан материалдық, тәжірибелік-әдістемелік қолдаулар көрсетілуде. Мысалы, «Казфосфат» ЖШС тарапынан Жаңатас көпсалалы колледжіне студенттермен тау-кен қазба жұмыстарын ұйымдастыру үшін 4 га жер телімі бөлініп, тәлімгер шеберлер бекітілді», — деді спикер.
«Шәушен» шаруа қожалығы тарапынан Құлан агротехникалық колледжіне жобалық құны 12 млн. теңгені құрайтын оқу-өндірістік мал ұстау базасын салу жұмыстары басталды. «Имсталькон» мен «Палацио» ЖШС тарапынан 3-курстың 68 студенттері оқу-өндірістік тәжірибеден өткізу жұмыстары атқарылуда. 12 инженер-педагог осы кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуде. Мұнда басты мәселе замануи технологияларды пайдалануды игеру, тәлімгер шеберлермен жұмыс тәжірибесін жинақтау, озат студенттерге стипендия төлеу, тұрақты жұмыс орнымен қамту.