ЖАСЫЛ АЛАҢДА — МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР

Жалпы бұқаралық спортты дамыту — мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екені белгілі. Сол себепті де ауыл спортын дамытуды, тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыруды мықтап қолға алуымыз қажет.

Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында бүгін Бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру орталығының мұрындық болуымен мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өтті.

Салтанатты шараға қатысып, ауданымыздың мемлекеттік қызметкерлеріне сәттілік тіледім. Жасыл алаңға шыққан мемлекеттік қызметкерлер өздерінің спортта да осал емес екендіктерін көрсетті. Нәтижесінде, үздік командалар арнайы марапатқа ие болды.