ТҰЗ…

Тұздың киесі туралы адам ағзасына әкелетін өте көптеген пайдасына байланысты айтылған болса керек. Мысалы, жаңа туылған сәбиді 40 күн тұзды суға шомылдырады. Сонда баланың терісі тез ширап, түрлі тері ауруының алдын алады. Сонымен бірге, денедегі судың сақталып тұруына ықпал жасайды
Үйде жаман энергияны тазалау үшін жақсы, яғни айына бір рет үйді тұзды сумен жуып шыққан өте пайдалы.
Айнаның бетін тұзды су мен сүрту керек, аина-энергия көзі.
Адам өзін тазалау үшін тұзды суға түсіп тұруы керек.
Бұрынғы ата-бабаларымыз: «дәм-тұзың таусылмасын» деп айтылатын бата-тілектің мағынасын дұрыс түсіну керек. Дәмнің таусылуы – адамның өмірден өткенін білдіреді. Ал тұздың таусылуы – адамның қуатының таусылғанын білдіреді екен.
Тұз-адам өміріндегі көп ауыртпалықты алып кетеді.
Үйде үлкен адам ауырып жатса, бір кесе тұз салып жатын бөлмесіне бас жағына қою керек деген бар. Бар ауыртпалығын өзіне сорып алу үшін.
Сүйек пен тамырдағы аурулар
1 стақан бал мен 1 стақан тұз және 1/5 стақан шомыр шырыны. Барлығын жақсылап араластырып, ауыратын жеріңізді сүртіңіз.
Сізде көп берешегіңіз болса (қарыз) тұзды пайдалануға болады. Барлық ауыртпалық осы тұзбен кету үшін 4 банкага яғни 1 литр банкадан 4 шт керек! Оған 4 банканың ішіне қарызды басқа да (проблема болса) оны жазып үстіне тұзды толдырып үйдің төрт бұрышына 3 күн қойып қою керек.(балаларды сақтаңыздар). Негізі төменде тұрған жөн. 3 күннен кейін 4 банкадағы тұзды суға ағызып жібересіз. Іштей басымдағы ауыртпалық осымен кетсін деп ниеттену керек.Банканы жуып, тазалап босатып алып қалсаңыз болады.
Бас ауырған кезде тұзды суға бинтты малып, таңып тастаса науқастың жағдайы жақсарады және жағымсыз әсерлерді жоюға көмектеседі.
Ал, ревматизм аурулары табандарына тұзды қыздырып (қуырып деп те айтылады) басса, жақсы болады.
Ауызды тұзбен шаю, аяқты, басты және денені тұзбен үнемі жуып тұру түрлі аурулардың алдын алатыны белгілі.
Адам денесіндегі сынықты таңғаннан кейін түйенің шудасына (түйенің мойын жүндері) қара тұзды талқандап, оны тұзды суға шылап 7 күн тартады. Сонда сынған жерде суық қалмайды және кейін сары су тұрмайды.
Тұзды лайықты тұтынған адамның денесі – бұлшық еттері қартайғанда салбырамайды, жиналып тұрады.
Және жанымызда тұз сақтап жүру де бізді негативтерден, қара күштерден сақтап жүреді деген наным бар, оны әр үш күн сайын ауыстырып отыру керек, алдыңғысын суға ағызып жіберіп. Сонда ой- өрісіміз тазаланып жүреді.
Алла шипасын берсін!